Екі министрліктің штат саны өзгерді

Үкіметтің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 561 қаулысы «Әділет» жүйесінде жарияланды.

Өзгерістер бойынша, Әділет министрлігінің штат саны 2 918 қызметкерден 2 891-ге дейін қысқарды. Ал ҚР АКМ штаты 247 адамнан 274 адамға дейін ұлғайды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, министрліктердің штат саны аумақтық органдар мен ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелерді есепке ала отырып көрсетілген.

ДереккөзBaq.kz