Бүгін Серік Ахметов бостандыққа шықты

Қазақстанның экс Премьер министрі Серік Ахметов бүгін таңертең бостандыққа шықты.

Серік Ахметов Қарағанды облысындағы колониядан шықты.

«Қазір, әрине, үйге баруға асығып тұрмын, — деп жауап берді ол БАҚ өкілдеріне.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада үй қамауына алынған болатын. Алғашқы сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты.

Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі болды. Осы күнге дейін 82 сот отырысы өтіп, 260 куәгерден жауап алынды. Сот процесіне 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 қорғаушы қатысты. Жаңа заңнамаға сәйкес, отырыста ашық саясат ережелері ұсталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version