Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 800 адам доңыз тұмауын жұқтырды

Қазақстанда 800 адам доңыз тұмауын жұқтырды

Қазақстанда 800 адам доңыз тұмауын жұқтырды. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Фото: Vr-vyksa.ru

«Эпидемиологиялық маусым (2015 жылдың 1 қазаны) басталған уақыттан бері жоғары тыныс жолдарының жұқпалы дерті (ОРВИ) 350 мыңнан астам рет тіркелді. Оның ішінде 911-і зертхана арқылы тұмау екендігі, ал оның 800-і немесе 87,3 пайызы А(H1N1) доңыз тұмауы екендігі дәлелденді. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі 14 жастағы балалар және олар жалпы ауырғандардың 70 пайызын құрайды», — деді Бекшин.

2010 жылдың тамызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры  А/H1N1 вирусының 6-ші фазасының аяқталғанын жария еткен болатын. Осы уақыттан бері бұл тұмаудың вирусы  А/H1N1-09  деп аталады және маусымдық тұмаудың бір түріне жатқызылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version