Батыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды жалпы білім беру ортасына «кедергісіз аймақпен» қамтамасыз етуге қажетті шаралар 277 жалпы орта білім беретін мектепте алынды. Жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 6 бірлікке артып, 236 мектепті құрады, бұл барлық мектеп санының 61,5 пайызы. Күні бүгін жалпы орта білім беретін мектептердегі 109 түзету сыныптарында 663 оқушы білім алады. Арнайы сынып немесе логопедиялық бөлімше ашуға мүмкіндігі жоқ, алайда он немесе одан да көп даму мүмкіндігі шектеулі бала оқитын жалпы білім беретін мектептерде 130 дефектолог және 23 логопед бірлігі енгізілді.
Мектепке дейінгі ұйымда 18 арнайы топ және 32 инклюзивті тәрбиелеу кабинеті бар. Мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 12 пайызы инклюзивті білім берумен қамтылған.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және олардың білім алуына жағдай жасау мақсатында облыста 3 психологиялық — дәрігерлік — педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс жасайды. Өткен жылы ол санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ғимаратпен қамтамасыз етілді. Балалар мен ата – аналар үшін күту залы жасақталды, балаларды жеке және командалық тексерістен өткізу үшін жағдайлар жасалды.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім алу процесіне енгізуге жағдай жасау үшін 11 психологиялық — педагогикалық түзеу кабинеттері жұмыс жасайды, кабинетке 410 бала барады. Арнайы білім беру саласында тіл мүкістігі бар 2068 оқушыны қамтыған 68 логопедиялық бөлімше бар.
Өкінішке орай өңірде арнайы оңалту орталығы жоқ. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің 36 пайызы киім шешетін орындармен қамтамасыз етілмеген. Мүгедек балалардың еркін қозғалуы үшін бөгет болатын табалдырықтар алынып тасталмаған. Пандустардың басым бөлігі тиісті талаптарға сәйкес емес. Көру қабілетінің бұзылысы бар балалардың жалпы білім беру мектептеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуде тиісті шаралар толық көлемде жүргізілмеген.
Тоқтар Ғабдірешұлы