Зика безгегі Қазақстанға да жетуі мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға Зика безгегінің жетуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Бекшин ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтқан.

Оның атап өтуінше, Қазақстан аумағы Зика безгегі ауруы бойынша эндемиялық өңір емес. Яғни, безгектің таралуы үшін табиғи орта жоқ. Зика безгегі адамнан адамға жұқпайды. Ол тропикалық және субтропикалық белдеулерде тіршілік ететін  Aedes egypti  масасы шаққан кезде адамдарға таралады.

«Осыған байланысты Қазақстан аумағында, сонымен қатар онымен шектесетін елдерде және Орталық Азия өңірінде масаның аталған түрі кездеспейді. Қазақстанда тіршілік ететін масалалар арасында Зика безгегінің таралу қаупі жоқ. Дегенмен, туристік белсенділік пен халық көші-қонының жоғары болуына орай инфекцияның келу қаупі бар», — деді ол.

Қазақстан бас санитар дәрігерінің айтуынша, ел аумағына Зика безгегінің әкелінуінің алдын алу үшін туристік операторлармен жұмыстар жүргізілуде. Олар Зика безгегі тараған елдерге сапарлайтын адамдарға, оның ішінде жүкті әйелдерде де вирустың қауіпті екендігін түсіндіруде.

Бұған қоса Қазақстанның мемлекеттік шекараларында шетелден келген адамдарды санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

«Зика безгегіне қарсы дәрінің және емінің болмауына байланысты Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті шет елдерге сапар жоспарлау барысында ұсынылған ақпаратты ескеруге және әсіресе жүкті әйелдерде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін Зика безгегі тараған елдерге мүмкіндігінше сапарын кейінге шегеруге кеңес береді», — деді Бекшин.

ДереккөзҚазАқпарат
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде кейінгі тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Елімізде кейінгі тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.

Дәурен Сейітжанұлы: Президент сөзінен кейін спортты дамыту кешенді түрде жүзеге асады деп ойлаймын

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама, бағдарлама қолға алынатынын айтты. Сөз арасында спорт инфрақұрылымын дамытудың жолын көрсетті.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Сахна сырты: Әуезов театры артистері қойылымға қалай дайындалады?

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры артистерімен әңгімелесіп қайттық.