Қырғызстан Қазақстанға қарсылық нотасын жолдады

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенттігіне үміткерлердің бірі Өмірбек Бабановпен кездескені үшін Қазақстанға қарсылық нотасын жолдады. Бұл жөнінде Қырғызстанның СІМ хабарлайды.

Фото: ©Today.kz

Наразылық нотасы Қазақстанның Қырғызстандағы уақытша сенімді өкілі Рымтай Кәріпжановқа ұсынылған. Онда:

«Достық көңілдегі Қазақстан басшысы Қырғызстанның ішкі ісіне араласпайтынын айтса да, оның сөздерінен кімге артықшылық беретіні анық аңғарылып тұрды. Осы себеппен қырғыз тарабы бұл кездесуді қазақстандық БАҚ-тың кеңінен насихаттауын Қырғызстанның ішкі ісіне араласуы деп білеміз», — деп жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Өмірбек Бабановтың кездесуі туралы Ақорда сайты жазған еді.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Әзірге 13 адам президенттікке үміткер болып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version