Алдағы күндері күн суытады

«22 қыркүйек күн мен түннің теңелетін күні. Осы күннен бастап түн ұзара бастайды. Астрономиялық жаз аяқталады да күз басталады. Қазақстанның солтүстігінің тұрғындары күзгі ауа райын сезінуде. Батыс Сібірден  жылжыған суық арктикалық ағын басында солтүстікте, содан кейін орталық және шығыс облыстарында  жауын-шашын, содан кейін ауа райының суытуына әкеледі», — делінген хабарламада.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысына суық ағын сенбі күні жетіп, өңірлерде жаңбыр жауып, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.