«Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің салдарынан ондағы қызметкерлер тергеуге алынды

«Қозғалған қылмыстық іс барысында 28.06.2010 жылғы № 295-IV заңға сәйкес, нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «НикаСтройСервис» ЖШС инженер қызметкерлері, сонымен қатар құрылыс компаниясының қызметкерлері тергеліп жатыр», — делінген Р. Иманқұловтың хабарламасында.

Еске сала кетейік, «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт сағат 10:44 жойылды.

2016 жылы 13 ақпанда бүгін сағат 4.40-та кезекші бөлімге Abu Dabi Plaza кешеніндегі өрт туралы хабар түскен.  Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.

Сағат 8.25-те тілсіз жау ауыздықталды.

Подъезд жолдары болмағандықтан жалынмен арпалысу қиынға соқты.

Салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің тарауын және ғимараттағы жағдайды жоғарыдан байқап, оған баға беру үшін «Еврокоптер 145»  тікұшағы жұмылдырылды.

Жапа шеккендер жоқ.

ДереккөзҚазАқпарат