Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық жеңіл атлеттер екі күнде 10 медаль алды

Жарыстың екінші күнінде әйелдер арасында үш қарғып секіруден еліміздің намысын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен  Азия чемпионы Мария Овчинникова қорғады.

Ольга Рыпакова өз кезегінде 14, 32 метрге секіріп жеңіске жетті. Мария Овчинникованың көрсеткіші — 13,21 метр болды. Қола жүлдеге 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қытайлық Тан Кичжао ие болды. Ольга Рыпакова Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарында екі алтын алды. Жеңіл атлетіміз 18 қыркүйек күні ұзындыққа секіруден де топ жарған еді.

Ашхабадтағы Азия ойындарының алғашқы екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жеңіл атлеттері 10 медальмен  (6 алтын,1күміс, 3 қола) жалпы командалық есепте бірінші орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version