Х Азия чемпионатында Қазақстан акробаттары чемпион атанды

Алматыда спорттық акробатика бойынша X Азия чемпионаты аяқталды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді.

Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты аяқталды.

Азия біріншілігі үш жас санатында өткізілді:

  • үлкендер;
  • 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер;
  • 12-18 жас аралығындағылар.

Чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінің 144 спортшысы қатысты. Бәсеке үш күнге созылды.

Азия чемпионаты Қазақстанда осымен бесінші рет өткізілді.

Жалпыкомандалық есеппен Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленсе, Өзбекстан спортшылары екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль,және кубоктармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version