Басты бет Қоғам Желідегі қарым-қатынастың жаңа ережелері

Желідегі қарым-қатынастың жаңа ережелері

Ұялы телефон мен әлеуметтік желі өміріміздің айнымас бөлшегіне айналған. Күнделікті қарым-қатынаста мына ережелерді есте сақтағаныңыз абзал.

  • Ұялы телефоныңыздан бір сәт алыстап кетсеңіз, көп нәрседен құр қалғандай боласыз. Қоңыраулар, хабарламалар мен хаттар толып қалады. Кейде қайсыбіріне жауап береріңізді білмей сасып қаласыз. Мұндай сәтте мына иерархияны назарға алыңыз.

Қоңырау хат

  • Қандай маңызды жаңалық күтіп отырсаңыз да жиналыс пен маңызды кездесу кезінде ұялы телефоныңызды үстелдің үстіне қоймаңыз. Тіпті, маңызды адаммен түскі ас ішіп отырсаңыз да, осы ережені ұмытпаңыз.
© depositphotos
  • Қоңырау шалғаннан қарағанда мессенджермен сөйлескеніңіз дұрыс. Аса шұғыл әрі маңызды шаруалар туындаған сәтте ғана хабарласқан дұрыс. Қазіргі таңда көп адамдардың телефон қоңырауына жауап беретін уақыты болмауы мүмкін. Сондықтан, хабарлама жазу арқылы немесе әлеуметтік желі арқылы байланысуға тырысыңыз.
© pixabay
  • Көңіл-күйіңізді смайликтермен жеткізуге тырысыңыз. Алайда, абай болыңыз. Ашуланған немесе ренжіген сәтте бұл әдісті қолданбаған жөн. Жағымды смайликтер таңдай білу келіссөздің жақсы нәтиже беруіне көмектесетінін ұмытпаңыз.

  • Хабарлама теріп отыруға ерінетіндердің де емі табылды. Енді дыбыстық хабарлама арқылы пернетақтадан немесе телефоннан теруге ерінген әңгімеңізді жолдауға болады. Алайда, дыбыстық хабарламаның қысқа да нұсқа болғаны дұрыс. Ең ұзақ дыбыстық хабарлама лимиті 7 секундтан аспағаны абзал. Әйтпесе, тыңдаушыны жалықтырып жібереді. Оның хабарламаны соңына дейін тыңдамауы да мүмкін. Сондықтан, маңызды мәселені алдымен айтыңыз.
© depositphotos

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version