• Ұялы телефоныңыздан бір сәт алыстап кетсеңіз, көп нәрседен құр қалғандай боласыз. Қоңыраулар, хабарламалар мен хаттар толып қалады. Кейде қайсыбіріне жауап береріңізді білмей сасып қаласыз. Мұндай сәтте мына иерархияны назарға алыңыз.

Қоңырау хат

  • Қандай маңызды жаңалық күтіп отырсаңыз да жиналыс пен маңызды кездесу кезінде ұялы телефоныңызды үстелдің үстіне қоймаңыз. Тіпті, маңызды адаммен түскі ас ішіп отырсаңыз да, осы ережені ұмытпаңыз.
Әлеуметтік желі, ұялы телефон
© depositphotos
  • Қоңырау шалғаннан қарағанда мессенджермен сөйлескеніңіз дұрыс. Аса шұғыл әрі маңызды шаруалар туындаған сәтте ғана хабарласқан дұрыс. Қазіргі таңда көп адамдардың телефон қоңырауына жауап беретін уақыты болмауы мүмкін. Сондықтан, хабарлама жазу арқылы немесе әлеуметтік желі арқылы байланысуға тырысыңыз.
Мессенджер
© pixabay
  • Көңіл-күйіңізді смайликтермен жеткізуге тырысыңыз. Алайда, абай болыңыз. Ашуланған немесе ренжіген сәтте бұл әдісті қолданбаған жөн. Жағымды смайликтер таңдай білу келіссөздің жақсы нәтиже беруіне көмектесетінін ұмытпаңыз.

  • Хабарлама теріп отыруға ерінетіндердің де емі табылды. Енді дыбыстық хабарлама арқылы пернетақтадан немесе телефоннан теруге ерінген әңгімеңізді жолдауға болады. Алайда, дыбыстық хабарламаның қысқа да нұсқа болғаны дұрыс. Ең ұзақ дыбыстық хабарлама лимиті 7 секундтан аспағаны абзал. Әйтпесе, тыңдаушыны жалықтырып жібереді. Оның хабарламаны соңына дейін тыңдамауы да мүмкін. Сондықтан, маңызды мәселені алдымен айтыңыз.
Дыбыстық хабарлама
© depositphotos