Доллар бағамы 340 теңгеге көтерілді

Бүгінгі сессия бойынша жұма күнгі саудаларға қарағанда доллар бағамы 2,15 теңгеге көтерілген.

Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 339,5 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 340,2 теңгені көрсеткен.

Саудалардың көлемі 49,25 долларды құраған, мәмілелердің мөлшері — 115.

Жұма күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 337,86 теңге, күндізгі сессияда 339,22 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 338,9 теңге болған.

ДереккөзKase.kz