Жуырда америкалық ғалымдар қуырылған ет адам денсаулығыны айтарлықтай зиян келтіріп, оның ішінде жиі кәуап жейтін адамдар бүйрек обырына жиі шалдығатынын анықтады.
Зерттеушілер компьютер көмегімен етті отында дайындау кезінде орын алатын процестерді модельдеген екен. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны, ашық отта немесе мангалда дайындалған тағам зиянды концерогенді заттар бөліп шығарған.
«Бізге күніне шамамен 50-60 адам келеді. Соның 80-90 пайызы осы шашлыкке тапсырыс береді. Негізі, шашлыктың 10-нан аса түрі бар. Бірақ, бізде соның 7 түрі ғана дайындалады. Келушілер көбіне еттен жасалған және тауық етінен жасалған кәуапқа тапсырыс береді», — дейді кәуапхана даяршысы.
Ғалымдардың пікірінше, бұл заттардың адам азғасына зияны автокөліктерден бөлініп шығатын газдармен бірдей көрінеді. Сондай-ақ етті мангалға дайындау кезінде пайда болатын түтіннің кесірінен адамның ДНК жасушаларының өзгеріске (мутацияға) ұшырау мүмкіндігі 100 есеге дейін өседі екен. Ал бұл өз кезегінде онкологиялық ауруларға шалдығуға алып келмек.
Ғалымдар отыннан шыққан түтіннің құрамындағы улы заттар темекідегіден әлдеқайда зиянды дегенді де айтып отыр.
Отқа қуырылған тағамдар құрамында PhIP және MeIQx канцерогенді заттары көп болады. Дәл осы химиялық қосылыстар ағзада қатерлі ісік ауруларын туғызады. Адам ағзасындағы зат алмасуда бүйрек сүзгі қызметін атқаратынын ескерсек, осы канцерогендер қабынуға әкеліп соқтырады.
Тарих не дейді?
Ал Алматы қаласының тұрғыны, Алмат Алмасұлы: «Біз отбасымызбен айына кем дегенде 1 рет кәуапханаға барамыз. Шашлыкты күнде жесең, әрине, зияны болады. Әр нәрсенің өз мөлшері болады. Қандай тағам болсын мөлшерден асып кетсе, денсаулыққа зиян», — деп өз ойымен бөлісті.
Осындайда қазақтың «Ас адамның арқауы» деген мақалы босқа айтылмаса керек. Ендеше дұрыс тамақтанып жүрейік.