Назарбаев зейнетақы қоры қаржысын бизнеске салуды тапсырды

Ақорданың Twitter парақшасында жазылғандай, Назарбаев бұл жайлы Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан.

Назарбаев бұған қоса үкіметке «Нұрлы жол» бағдарламасындағы инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету үшін 2016 жылы 76 миллиард теңге бөлуді де тапсырған.

Сонымен бірге мемлекет басшысы 100 миллиард теңгені «ҚазАгро» ұлттық компаниясына басымдық беретін жобаларды қаржыландыру үшін пайдалануды міндеттеді.

Назарбаевтың пікірінше, жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану экономиканың бір процентке дейін өсуіне мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері Біріңғай ұлттық зейнетақы қорындағы ақша 5 триллион 828 миллиард теңгені (шамамен 16 миллиард АҚШ доллары) құраған.

Назарбаев 2015 жылы қарашада жыл сайынғы халыққа жолдауында зейнетақы қорындағы қаржыны бизнесті несиелендіруге жұмсауды доғаруды тапсырған. Президент ол кезде зейнетақы қаржысы бюджет тапшылығын толтыруға ғана пайдаланылуы мүмкін екенін айтқан.

ДереккөзОрталық Азия

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады. 

Мемлекет басшысы Корея Республикасының сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Енді мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Мемлекет басшысының мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.