Басты бетЖаңалықтар«Қаратау-2017» жедел-стратегиялық...

«Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына 10 мыңға жуық әскери қызметші қатысуда

«Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына 10 мыңға жуық әскери қызметші, бір жарым мыңнан аса жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды.

Әскерлер қолбасшыларының қайта топтастыруға қабылдаған шешімдеріне сәйкес әскерлер шартты дағдарыс аудандарына бірнеше жүздеген шақырымға марш жасауда. Дағдарыс аудандарына іргелес орналасқан аумақта әскерлердің іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін бір уақытта 200-ден аса адамды құрайтын тактикалық әуе десанты түсірілді. Сәтті түсіруден кейін десанттық-шабуылдау батальоны биік жерге орналасып, әрі қарай мотоатқыш және танкті бөлімшелердің өрістетілуі үшін жердің бақылауын жүзеге асырады.

Оқу-жаттығуға авиация белсенді түрде тартылғанын айта кету қажет.
Бірінші кезеңде С-295 әскери-көлік авиациясының ұшақтары жеке құрамды жедел алмастыруды орындайды. Армиялық авиация тікұшақтары тактикалық әуе десантын түсіруді өткізеді, қозғалу бағдарларын барлауды жүргізеді, сондай-ақ оларды әуеден тасалай отырып, жауынгерлік техниканың лектерін алып жүреді. Оқу-жаттығу басталысымен әскерлерді басқару далалық басқару пункттерінен жүргізілуде. Бүгінгі басқару пункттері барлық қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған, бүркемелеу мен қорғалудың жеткілікті деңгейіне ие. Бұл ұзақ уақыт бойы автономдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу барысында қолбасшылар мен командирлердің қалыптасқан жағдайды жылдам бағалап, анағұрлым мақсатқа сай шешім қабылдау шеберліктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Шешім қабылдау кезіндегі жеделділік бағынысты әскерлерге жауынгерлік іс-қимылдарға іс жүзіндегі дайындықты, ал шешім қабылдаудың мақсатқа сәйкестігінен түпкі нәтижеде операцияның сәтті өтуі байланысты, — деп Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев түсініктеме жасады.