Павлодарлық кәсіпкерлер зейнеткерлерге азық-түлікті тегін таратуда

Олар қарияларға күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін тегін таратады. Бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шараны жеке дүкен иесі Россана Кораблева қолға алды. Кәсіпкер өзінің тұрақты тұтынушылары, яғни қарияларға ас атасын тегін таратқан. Енді міне нан кезегін шаһардың көмекке мұқтаж басқа да жандары толтыра бастады. Аптасына бір рет дүйсенбі күні нанды тегін таратып отырған іскер әйелдің қайырымдылық бастамасын басқа кәсіпкерлер іліп әкетті. Коммуналдық базарлар картоппен сәбізді 2 келіден тегін үлестіріп отыр. Қарияларға зейнеткерлік куәлігін көрсетуден басқа талап қойылмайды.

Валентина Смагина, зейнеткер:

— Мен үшін бұл аз да болса көмек. Бізге көңіл бөліп жатқандарының өзі қайда жатыр. Аптасына бір рет осында келіп, тегін нан алып тұрамыз.

Россана Кораблева, кәсіпкер:

— Бұл – жүректен шыққан жылылық. Өзім бастама көтердім, егер жақсылық жасайтындай жағдай туып жатса, неге көмектеспеске?!

Есен Мұқышев, коммуналды базардың директоры:

— Біз зейнеткерлер үшін арнайы орын бөлдік. Осы акцияға қосылып, картоп, сәбіз және нанды тегін беріп жатырмыз.

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.

Елімізде машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

Қазақстанда машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіледі. Қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Фоторепортаж: «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Биылғы "Соңғы қоңырау" рәсімі бұрынғыларынан өзгеше. Бұл жолы мерекелік іс-шараға тек мектеп түлектері қатысады. Baribar.kz тілшілері Алматыдағы жалпы білім беретін №58 мектепке барып, оқу жылындағы айтулы мерекенің қалай өткенін көріп қайтты.