Қырғызстанда орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы мүмкін

«Конституцияға сәйкес біз зайырлы демократиялық мемлекетпіз. Бірақ мен бір елде бес мемлекеттік тіл барын білемін, оларда ешқандай наразылық жоқ. Біз де елде қырғыз және орыс тілін мемлекеттік тіл етіп жарияласақ болады», — деп мәлімдеме жасады депутат.

Ирина Карамушкина Шыңғыс Айтматовтың «Қырғызстан бұл екі қанатын бірдей қағып биікте ұшатын құс. Бұл қанаттары орыс және қырғыз тілі» деген сөздерін алға тартты.

Вице-премьер Шолпан Сұлтанбекова мұның үлкен саяси мәселе екенін айтты.

«Аудан және облыс өңірлерінде қырғыз тілінен қарағанда, орыс тілі өткір болып тұр. Қырғызстан мемлекеті болғандықтан, қырғыз тілінің маңызы зор. Егер шенеуніктер қырғызша сөйлей бастаса, әрине көп мәселе шешілуші еді», — деп атап өтті вице-премьер.

Айта кетейік, 2001 жылы Қырғыз Конституциясына орыс тілі ресми тіл болып өзгертілген.

ДереккөзCentralasian.org