Басты бетСәкен Жасұзақов...

Сәкен Жасұзақов Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс өткізді

Әскери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылық, профессорлық-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі жүйесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлі мен орны» тақырыбында 2017-2018 оқу жылына арналған дәріс өткізді.

Қорғаныс министрі аудитория алдында сөз сөйлей отырып, бүгінде өңір мен әлемде күрделі қалыптасып жатқан жағдайларда Қарулы Күштердің рөлі ұлғайып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Елбасының тікелей қолдауы, жеке қатысуының арқасында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық бүтіндігін кепілді түрде қамтамасыз етуге қабілетті екенін айтты.

«Біз саны жағынан аз болса да, жауынгерлік тұғыда әзір және жауынгерлік қабілетті, армияға ие болып отырмыз»,- деді Қорғаныс министрі.

Жалпы алғанда, дәрісте әлемдегі және Орта-Азиялық өңірдегі әскери-саяси жағдай, оның Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ықпал етуі мазмұндалды. Әскери жоспарлаудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі мазмұны ұсынылған, сондай-ақ Қарулы Күштердің ағымдағы жай-күйі мен дамуының бағыттары ашылды.

Кездесу барысында Қорғаныс министрі университеттің басшылығына магистрлік (докторлық) диссертацияларды әзірлеу сапасына және олардың өзектілігі мен практикалық бағыттылығына рөл мен жауапкершілікті арттыруды тапсырды. Сондай-ақ оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығына, тың педагогикалық және басқарушылық ойды қалыптастыруға, инновациялардың, білім беру және басқарушылық технологиялардың кең қолданылуына, кәсіптік-бағдарланған шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мен шыңдауға ерекше көңіл бөлді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы ғылыми және әскери білім беру мекемелерінің қызметін жетідіруге үлкен көңіл бөлетінін айта кеткен маңызды. Олардың қызметі заманауи талаптарға сай келуі үшін барлық қажетті жағдай жаслып жатыр. Оқытудың ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістемесі жақсартылуда, материалдық-техникалық және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жаңартылуда, әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Солардың бірі 12 тамыз күні басталатын — «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары.

Аталмыш іс-шараның мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін және белгіленген мерзімде арналуы бойынша олардың тапсырмаларды орындау қабілеттілігін тексеру болып табылады. «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде орналасқа құрамалар мен бөлімдер тартылады. Оқу-жаттығуға барлығы 10 мыңға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса бірлік жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері қатысады деп жоспарланған.

Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес «Қаратау – 2017» оқу-жаттығуына жетекшілік ету Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке тапсырылды.

Аталмыш оқу-жаттығудың ерекшелігі 4 бағытта әскерлердің ірі топтамасын бір уақытта басқару, Қарулы Күштер, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері барлық түрлерінің өзара іс-қимыл жасауы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарының мүмкіндіктерін тексеру болып табылады», — деді оқу-жаттығу жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.