Басты бет Қоғам Жер кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Жер кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Қазақстандықтарға жалға беруге болатын жердің шектік көлемі заңда көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен  "ҚР Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер туралы" баспасөз конференциясындай айтылды. 

Заңға енгізілетін өзгерістер:

— Жерді жалға беру институтын одан әрі дамыту;

— Қазақстандықтарға жалға беруге болатын жердің шектік көлемін бекіту. Ол үлкен жер телімін бір адамның алып алуынан тыяды.

— Шекаралық аймақтардағы жерді жалға беру талаптарын күшейту. Аталған аймақтарда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ жандарға, шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелік жұмысшылары бар заңды тұлғаларға жер беруге тыйым салынады.

— Ауыл-аймақтардағы халыққа қажетті жайылым көлемін анықтау.

Сонымен бірге, заңға жерді конкурстық негізде беру қарастырылып жатыр. Конкурс туралы ақпараттар БАҚ-тарда, әкімшілік пен ауыл шаруашылығы министрінің интернет сайттарында жарияланатын болады. Оған қатысу үшін жерді қандай мақсатта пайдаланатыны туралы бизнес-жоспар құрып, халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын ашу, және өзге де талаптарды орындау керек.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version