Басты бетҚоғамЖер кодексіне...

Жер кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Заңға енгізілетін өзгерістер:

— Жерді жалға беру институтын одан әрі дамыту;

— Қазақстандықтарға жалға беруге болатын жердің шектік көлемін бекіту. Ол үлкен жер телімін бір адамның алып алуынан тыяды.

— Шекаралық аймақтардағы жерді жалға беру талаптарын күшейту. Аталған аймақтарда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ жандарға, шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелік жұмысшылары бар заңды тұлғаларға жер беруге тыйым салынады.

— Ауыл-аймақтардағы халыққа қажетті жайылым көлемін анықтау.

Сонымен бірге, заңға жерді конкурстық негізде беру қарастырылып жатыр. Конкурс туралы ақпараттар БАҚ-тарда, әкімшілік пен ауыл шаруашылығы министрінің интернет сайттарында жарияланатын болады. Оған қатысу үшін жерді қандай мақсатта пайдаланатыны туралы бизнес-жоспар құрып, халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын ашу, және өзге де талаптарды орындау керек.