Жанармайды қалай үнемдеуге болады?

Жанармай бағасы тағы да қымбаттады. "ҚазМұнайГаз" жанармай бекетінде АИ-92 бензинінің бағасы 144 теңгеге дейін артқан. АИ-95 бензинінің бағасы да үш теңгеге артып, 158 теңге болды, ал дизель тамыз басынан бері төрт теңгеге артып, литрі 144 теңге болған. Осыған байланысты жанармайды үнемдеуге тура келеді.

Газды бірден баспаңыз

Газды басу
©Adme.ru

Жанармайды үнемдеу үшін көліктің жылдамдығын баяу арттырып, жәй тоқтау керек. Жылдамдықты бірден арттыру жанармай шығынын көбейеді.

Круиз бақылауды пайдаланыңыз

Жылдамдық
©Adme.ru

Куриз бақылау — көліктің жылдамдығын бірқалыпты ұстап тұратын жүйе. Егер сіз белгіленген жылдамдықтан арттырып жіберсеңіз немесе баяулап қалсаңыз, ол қалпына келтіреді. Бірқалыпты жылдамдық жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Техникалық бақылаудан уақытылы өтіп тұру

Техникалық бақылау
©Adme.ru

Әр 7 мың шақырым жол жүрген сайын көліктің майы мен оның сүзгісін, майшам мен ауа сүзгісін ауыстырып отырған жөн. Аталған құрылғылар ескірсе, көлік қозғалтқышына күш түсіп, жанармай шығыны арта бермек.

Желдеткішті сирек пайдаланыңыз

Желдеткіш
©Adme.ru

Күн қатты ыстық болмаса, желдеткішті пайдалану жанармайға тағы біраз ақша шығындауға әкеледі. Себебі желдеткіш қосылған кезде жанармайға деген сұраныс 15 процентке артады. Егер желдеткішсіз жүрсеңіз, 100 шақырым жүрген сайын 2 литр жанармай үнемдеуге болады.

Қай жолмен жүретініңізді жоспарлап алыңыз

Карта
©Adme.ru

Үйден шықпас бұрын қай жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қай қиылыста кептеліс болуы мүмкін екенін алдын ала ескеріңіз. Сол арқылы қысқа бағытты таңдап алуға болады. Есіңізде болсын, уақыт үнемдеу — жанармайды да үнемдеу.

Жаңбырлы күні көлікпен қыдыруды азайтыңыз

Жауын
©Adme.ru

Жауын қатты жауған кезде жолдағы су көліктің дөңгелектеріне күш түсіреді. Бұл қозғалтқыштың жұмысына да әсер етіп, жанармайға деген сұранысы артады.

Дөңгелектердің қысымын тексеріп отырыңыз

Дөңгелектің қысымы
©Adme.ru

Желі дұрыс үрленген дөңгелектер — қауіпсіздігіңіздің кепілі. Егер одан 0,1 атм жел шығып кетсе, жанармай шығыны 2-3 процентке артады. Қысымды күн салқындаған күндері де тексеріп отырған дұрыс.

Көліктегі артық заттарды алып тастаңыз

Көлік
©Adme.ru

Көлігіңізде жүрген артық жүктерді алып тастаңыз. Көліктің салмағы артқан сайын жанармай шығыны да өсе түседі. Олардың орнына артық дөңгелек, домкрат сынды заттарды ғана алған дұрыс.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!