Мектепте «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылатын болады

«Біздің қатысуымызбен ҚР Білім және ғылым министрлігі 10-сыныптан бастап «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» туралы факультативті пән енгізбек. Келесі жылдан немесе 2019 жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектепте 10-сыныптан бастап балаларға кәсіпкерлік негіздерін үйретеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай прагматизм идеяларын жүзеге асырмақшымыз», — деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов.

Төраға осы оқыту жүйесі арқылы «адамдарға ақшаны есептеу, үнемдеуді үйретсек, бұл бағдарламаның орындалғаны» деп ойлайтынын айтты.

Оқушыларға кәсіпкерліктің негіздерін оқыту туралы ұсыныс Астанада өтке «Білім беруді дамытудың перспективалық модельдері» атты дөңгелек үстелде де талқыланған болатын.

«Біз жұмысқа қайда, қалай орналасам деп деп бас қатырмайтын, керісінше, бизнесті өздері құратын мамандарды даярлауға тиіспіз. Кәсіпкерлікке оқыту білім берудің барлық деңгейінде, мектеп партасынан жүргізу қажет, – деген еді Мұрат Әбенов.