Президенттің парламенттік сессияның ашылуында алға қойған міндеттеріне сәйкес депутаттар үшжылдық республикалық бюджетті қарастырды.
«Біздің барлық жоспарлы жұмыстарымыз Президент айқындаған заңдарды алдын ала мұқият пысықтауға бағытталуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенат бюросының мүшелері «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өткізуге дайындықты талқылады. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті 22 қыркүйек күні шара өткізуді жоспарлады.
Бюрода сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу, сондай-ақ Сенаттың 2017 жылға арналған негізгі шаралар жоспарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды.