Ескерткіште әншінің өзі емес, әндегі кейіпкері — Джулия бейнеленген. Себебі бұл ән алғашқы рет 1988 жылы Орал қаласында шырқалған. Жоба авторлары осы арқылы әнші мен оның шығармашылығына деген құрметтерін білдірген.
«Батырхан Шүкеновтың есімі еліміздің мәдени тарихына алтын әріптермен жазылған. Тіпті, әлемдік мәдениеттен ойып орын аған талант. Ол әнді жүрекпен орындайтын, өзін музыкаға арнаған адам еді. Өнермен өмір сүрді. Сол себепті Батырдың әрбір әнін оның жүрегінің бөлшегі ретінде қабылдаймыз»,- дейді Орал қаласының тұрғыны Мария Шаповалова.
Еске сала кетейік, 2015 жылы 29 cәуірде Мәскеу қаласында белгілі әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды. Ол 53 жасқа сәл ғана толмай өмірден кетті. Ол туған елі мен Ресейде танымал әнші болған.
Батырхан Шүкенов Қызылорда қаласында орта мектеп оқып жүрген 12 жасында музыкамен әуестене бастаған. Кейін Ленинград мәдениет институтында, Алматы консерваториясында оқыған. Кейін атауы «А’Студио» деп өзгерген «Арай» тобына 1982 жылы қабылданған. Шығармашылығының 13 жылы осы топпен байланысты. Бұл кезеңнің бес жылын Мәскеудегі Алла Пугачеваның ән театрында топпен бірге жұмыс істеген. Көбінесе соның арқасында, және «Рождестволық кездесу» телешоуына қатысудың арқасында «А’Студио» тобы мен Батырхан Шүкенов бүкіл Совет одағына танылды.
«А’Студио» тобында Батырхан Шүкенов жетекші әнші болды. Ол кездегі топтың хит әндерінің көбін жұрт оның дауысы арқылы тыңдады. Сондықтан кейін ол «А’Студио» тобынан кеткен кезде топ тарап кете жаздаған. Батырхан Шүкенов жеке шығармашылықпен айналысу үшін «А’Студио» тобынан 2000 жылы кеткен.
Әнші Батырхан Шүкеновті 2009 жылы БҰҰ балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы тұңғыш ізгі ниет елшісі етіп те тағайындаған болатын.