Басты бетАлматыда мүмкіндігі...

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Оған 50 әлеуметтік қызметкер мен 20 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Флешмоб мақсаты — қоғамның мүгедек жандарға деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz
Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz

«Бұл флешмоб біздің көрермендерімізге тағы бір рет мақсатқа қол жеткізу үшін соңына дейін бару керек екенін көрсетті, ұғындырды деп ойлаймын. Біздің мүмкіндігіміз көп, бастысы ниет болса болғаны. Өмірді сүю керек. Бақытты өмір сүруімізге жағдай жасап отырған Отанымызды сүюіміз керек. Сол себепті біздің флешмоб адамдардың өмірге күліп қарауына септігін тигізеді деп ойлаймын»,- деді флешмобтың Юлия есімді қатысушысы.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz

Өзін Руфик деп таныстырған қатысушы бұл флешмобқа екі күн дайындалғанын айтады.

«Бұндай шарға бірінші рет қатысып тұрмын. Маған қатты ұнады. Шынымды айтсам, екі күн ғана дайындалдым. Тек бидік қимылдарын жаттап алдым да, ұйымдастырушылардың өтінішін аяққа таптамастан, қатысуға келісімімді бердім»,-дейді ол.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
Меруерт Құлахметова ©Baribar.kz

Рафиктің сөзін «Ұлы дала ханшайымы» сайысының жүлдегері Меруерт Құлахметова да қостады.

«Керемет әсер алдым. Басқа адамдармен бірігіп билегеніміз, оны адамдардың тік тұрып тамашалағын ұнады. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамның дамуына ат салысып жүргенін көрсету мақсатында биледік. Үш күн ғана дайындалдық. Кейбір қатысушылар бүгін бірінші рет келіп отыр. Дайындығымыз көп болғанда, бұдан да жақсы әсер қалдырар едік»,- дейді Меруерт Құлахметова.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz

Шараны Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды.

«Бұл флешмоб Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұйымдастырылды. Біз осы арқылы адамдардың мүгедек жандарға еш мүсіркеместен, тең қарауын насихаттайды. Бәріміз біріксек, жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз»,-дейді шараның ұйымдастырушысы, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің бас маманы Әлия Бейсембай.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz
Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz
Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz

Әлияның айтуынша, шара елімізде тұңғыш рет өтетін әлеуметтік қызметкерлердің Форумы туралы ақпаратты наисхаттауды көздейді. Ол ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді. Форумның мақсаты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибемен бөлісу, нақты шараларды ұйымдастыру. Оған әлем бойынша 600 адам қатысады, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия елдерінен сарапшылар келеді деп жоспарланған.

Әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың флешмобы
©Baribar.kz