Нысанның ашылуы салтанатына қала əкімі Əнуəр Күмпекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дəурен Əділбеков, ҚР Президенті Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бəйімбетов жəне қала тұрғындары қатысты.
Кәсіпорын басшысы Жәнібек Кенжебаевтың сөзіне қарағанда, инвестициялық жобаның құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда бетке арналған сергіткіш (тоник) және жақпамай тәрізді биокосметика түрлері шығарылады.