Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында биокосметика шығаратын ғылыми орталық ашылды

Нысанның ашылуы салтанатына қала əкімі Əнуəр Күмпекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дəурен Əділбеков, ҚР Президенті Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бəйімбетов жəне қала тұрғындары қатысты.

Кәсіпорын басшысы Жәнібек Кенжебаевтың сөзіне қарағанда, инвестициялық жобаның құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда бетке арналған сергіткіш (тоник) және жақпамай тәрізді биокосметика түрлері шығарылады.

Орталық қаланың 50 жылдығына тарту ретінде іске қосылып отыр.  Мамандар Канада және Германия елдерінде дайындықтан өтеді. Қазіргі кезде кәсіпорында жергілікті 15 адам еңбек етуде. Кәспорының жылдық қуаты  3 миллион құты 20 миллион ампул өнім шығаруға жетеді.