Басты бетЖаңалықтарАтырау тұрғындары...

Атырау тұрғындары екі күн тегін емделе алады

Бұл күні тұрғындарға терапевт, кардиолог, инфекционист, xирург, лор, уролог, гинеколог,гастроэнтеролог, маммолог, невролог, гепатолог, эндокринолог қызмет көрсетеді.

Емханаға қаралу үшін тұрғынның жеке төлқұжаты болса жеткілікті. Сондай-ақ, тексеріс барысында зертxаналық қызмет, рентгенография, УЗИ, ФГДС, аудиометрия бойынша 20 пайыз жеңілдік қарастырылады.

Облыстық ауруханада мамандардың кеңес беруі 16 қыркүйек күні сағат 09.00 мен 13.00 аралығына жоспарланған. Атап айтқанда, тұрғындар травматолог, лор, хирург, уролог, кардиолог, окулист, терапевт, нейрохирург, гинеколог, невропатолог мамандарынан консультативтік кеңес алады.

Айта кетейік, алдын ала тіркелу үшін 8 (7122) 28-10-01 нөміріне хабарласуға болады.

Дереккөзatr.kz