Отандық «Оралман» фильмі еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіледі

Отандық «Оралман» фильмі 15 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Картинаның режиссері — Сәбит Құрманбеков.

«Оралман» фильмінде қазақ отбасының өмірі баяндалады. Олар бұрын туған отанынан кетіп, Ауғанстанға көшіп барған. Кейіпкерлер туған жерлеріне ұзақ жол жүреді.

Драмада басты рөлдерді Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова және Баян Кажнабиева сомдайды.

Айта кетейік, фильм сценарийін Нұрлан Санжар, ал музыкасын композитор Айдос Сағат жазды.

Дереккөзbrod.kz