Басты бетТүркия президенті...

Түркия президенті Режеп Ердоған Қазақстанға келеді

Түркиялық Sabah агенттігінің хабарлауынша, Ердоған үш күндік сапарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология бойынша бірінші саммитіне қатысады.

Агенттік ақпаратына қарағанда, Ердоған мен Назарбаев екі елдің экономикалық ынтымақтастығын, түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленді қолдайтын «фетхуллашылардың террорлық ұйымымен» күресті, Мьянмадағы жағдайды талқылайды.

Ресми Анкара 2016 жылы шілдеде Түркияда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін талай жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен ұйымдастырды деп біледі. Түркия билігі осыған байланысты Гүлен мен оның ұйымын жақтайды, бүлікке қатысы бар деген күдікпен мыңдаған адамды тұтқындап, соттап жатыр.

ДереккөзCentralasian.org