Басты бетҚоғам"Абу-Даби Плазаға"...

«Абу-Даби Плазаға» 2 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа алынатын болды

Астана қаласының басшылығы Біріккен Араб Әмірліктерінің төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті елшісімен және «Абу-Даби Плазаны» салып жатқан «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшысымен кездесті.

Кездесу барысында «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшысы құрылыс аяқталған соң «Абу-Даби Плазада» 2 мың қазақстандық үшін тұрақты жұмыс орындары ашылатынын айтты. Сондай-ақ, екі жақ жергілікті мамандарды даярлау үшін арнайы бағдарлама жасауға келісті.

«Абу-Даби Плазаның» құрылысына 17 мың қазақстандық тартылған. Олардың 9,5 мыңы — инженер, кран операторы, қауіпсіздік техникасының маманы сынды жоғары санатты мамандар. Қазіргі уақытта олардың 3,5 мыңы ғана қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні «Абу Даби Плаза» көп қабатты ғимаратының аумағында жұмыс істейтін үндістер мен қазақтар арасында төбелес болған еді. Полиция бөлімшелеріне жеткізілген 41 адамның 8-і əкімшілік жауапқа тартылды. Қалғандары ескерту жасалғаннан кейін босатылды. Осыдан кейін халық елімізге сырттан жұмысшы алу шараларын сынға алып, олардың орнына қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етуді ұсынған еді.