Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында мемлекеттік тіл байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында мемлекеттік тіл байқауының жеңімпаздары анықталды

Көкшетау қаласында өткізілген «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мәселе» тақырыбымен облыстық байқауында сандықтаулық мемлекеттік қызметшілер үздік деп танылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша бұл жолғы байқаудың басты мақсаты- қызметкерлер арасындағы мемлекеттік тілді білудің дәрежесін анықтау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін білу дәрежесін анықтайтын бұл байқауға Ақмола облысының 8 ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Сандықтау ауданынан келген «Парасат» тобының мүшелері Клара Әуезхан, Берік Есләм, Сәкен Дайыров жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар республикалық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version