Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша бұл жолғы байқаудың басты мақсаты- қызметкерлер арасындағы мемлекеттік тілді білудің дәрежесін анықтау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін білу дәрежесін анықтайтын бұл байқауға Ақмола облысының 8 ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Сандықтау ауданынан келген «Парасат» тобының мүшелері Клара Әуезхан, Берік Есләм, Сәкен Дайыров жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар республикалық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.