Дмитрий Тюков қол күресінен əлем чемпионы атанды

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 3 ақмолалық спортшы қатысуда. Оның ішінде  Дмитрий Тюков «алтын»  медаль иегері атанды. Ақмолалық финалда Түркия спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Үшінші орын ресейлік спортшы лайық деп танылды.

Чемпионатқа қатысқан тағы бір отандасымыз Деши Дурсаева да алтын медаль алды. Ол  – 2017 жылғы Азия чемпионы, 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шеберіне үміткер.