Отандасымыз Деши Дурсаева қол күресінен әлем чемпионы атанды

Шығысқазақстандық Деши Дурсаева Венгрияда өтіп жатқан қол күресінен әлем чемпионатында алтын медаль алды. 

Бүкіләлемдік армрестлинг федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатына еліміздің атынан Деши Дурсаева мен Ораз Басаров барған еді.

Деши Дурсаева алтын медаль алды. Ол  — 2017 жылғы Азия чемпионы, 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шеберіне үміткер.

Ораз Басаров болса, екінші орынды қанағат тұтты. Ол — әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, халықаралық санаттағы спорт шебері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version