Басты бет Қоғам Қазақстан тұрғындарының тұтыну көрсеткіші Ресейдікінен 16 пайызға артық

Қазақстан тұрғындарының тұтыну көрсеткіші Ресейдікінен 16 пайызға артық

Қазақстан әл-ауқат бойынша ТМД елдері рейтингінде Ресейден басып озды. Ресей Үкіметі сараптамалық орталығы жасаған зерттеулердің нәтижелері бойынша, ТМД елдері арасында тұтыну жағынан Қазақстан Ресейден 16% артық көрсеткішке ие.

Сарапшылар тұтыну деңгейін ТМД-дағы барлық елдер бойынша жан-жақты қарастырған.

Бірінші, ресми валюта бағамы негізге алынған. Ал екінші, ұлттық валютаны сатып алу мүмкіндігін есептелген. Екінші көрсеткіш бойынша Ресей әл-ауқаты жақсы елдер санаты бойынша төменгі сатыға сырғыды.

Былтырғы жылы орта көрсеткіш бойынша Қазақстан азаматы тұтыну тауарларына 13,8 мың доллар жұмсаса, ресейліктер бұл санатта 11,9 мың долларға ғана қол жеткізген.

Дегенмен тұтынуға қажет аударымдағы ақша шығыны бойынша ресейліктер көш бастап тұр. Орташа есеппен былтырғы жылы ресейліктер 4,5 мың доллар ақша жұмсаса, қазақстандықтар 4,1 мың доллар шығындаған. Соған қарамастан зерттеушілер, алдағы уақытта Қазақстан тарапы бұл көрсеткіш бойынша да көш бастайтынын алдын ала кесіп айтуда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version