Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында жас отбасыларға арналған байқау өткізіледі

Алматы облысында «Мәңгілік ел –мәңгілік отбасы» облыстық жас отбасылар байқауы алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқаудың мақсаты — жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын сақтай отыра, достығы ұйыған отбасыларды жан- жақты насихаттау, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Байқау 2012 жылдан бері бастау алып, жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды. Былтыр Көксу ауданы, Балпық би ауылы, «Асмадирус» демалыс орталығында өтсе, биыл қаламыздағы «Ерасыл» демалыс орнында өткізіледі. Осы байқауға қатысу үшін алдымен әр ауданда іріктеу өтеді. Тек сол кезеңдерден өткен жас отбасылар ғана қатыса алады. Және жыл сайын жас отбасылардың қатысу саны артып келеді. Өткен жылы 9 отбасы қатысса, осы жылы 16 отбасы қатысуға өтініш білдіріп отыр», — деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетұлы.

Айта кетсек, байқау ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Талдықорған қаласы, «Ерасыл» демалыс орнында өтеді. Оған 20-29 жас аралығындағы 4-6 жас аралығындағы балалары бар жас отбасылар қатыса алады. Шараға кәсіби әнші, биші, театр әртісі қатыстырылмайды. Аталмыш отбасылық байқау

«Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» «Таныстыру» «Өнерліге өріс кең» сынды кезеңдерден тұрады.