Бұл туралы unian.net хабарлады.
Швейцариялық ірі шоколад өндіруші «Barry Callebaut» компаниясы өкілдерінің айтуынша, жаңа шоколадты жасауға қызыл какао пайдаланылған. Ғалымдар оны бірнеше жыл зерттеген. Шоколадтың хош иісі мен түсі табиғи. Қызыл шоколадқа ешқандай жидек пен бояғыш қосылмаған.
Бұл 1930 жылдары өндірілген ақ түсті шоколадтан кейінгі жаңа үлгідегі алғашқы шоколад болуы мүмкін. Шоколадтың атауы оның ерекше қызыл реңіне байланысты Ruby деп аталады. Шоколад жасаушылар бұл шоколадтың дәмі ащы да емес, сүтті де емес, тәтті де емес, ерекше болады деп отыр.
«Рубин шоколады сергітеді және кілегей секілді жеңіл. Дәмі жеміс шырыны секілді, үлбіреген, сіз шоколад жеп отырғаныңызды білмей қаласыз», — дейді шоколад сарапшысы және «Библия саласы» редакторы Kennedy’s Confection Ангус Кеннеди.