Басты бетАлматыда атмосфераны...

Алматыда атмосфераны ластаған 55 тұлғаға 4,3 миллион теңге айыппұл салынды

Алматы қаласы бойынша Экология департаментімен жүргізілген барлық тексерулер ҚР Экологиялық кодексінің, Кәсіпкерлік кодексінің және басқада нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуымен жүзеге асырылды. Мемлекеттік экологиялық инспекторлармен 2017 жылдың I-ші жартыжылдығында 74 тексеру жүргізілді, оның ішінде ішінара тексеру – 34, жоспардан тыс – 15 және басқа нысан тексерулері – 25.

Жоспардан тыс 15 тексеру мемлекеттік органдардың бастамашылығымен жүргізілді: оның ішінде Алматы қаласы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасынан – 1 хат, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен – 14 хат.

Инспекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде 97 экологиялық бұзушылық анықталды:

— атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 56;

— су ресурстарын қорғау бойынша – 11;

— жер қойнауын қорғау бойынша – 2;

— тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша – 15;

— рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 13.

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 97 хаттама рәсімделді және әкімшілік құқықбұзушылық жазалау бойынша қаулылар шығарылды: оның ішінде 2 ескерту және 7 492 703 теңгені құрайтын 55 заңды тұлғаға 6 399 045 теңге, 2 лауазымды тұлғаға 181 520 теңге, 12 жеке кәсіпкерге 794 150 теңге, 26 жеке тұлғаға 117 988 теңгені құрайтын жалпы саны 95 айыппұл салынды. Салынған айыппұлдар келесідей экологиялық заң бұзушылықтар бойынша салынды. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша 55 айыппұл 4 382 857 теңгеге, су ресурстарын қорғау бойынша 11 айыппұл 245 052 теңгеге, жер қойнауын қорғау бойынша 2 айыппұл 90 760 теңгеге, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша 14 айыппұл 1 798 364 теңгеге, рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) 13 айыппұл 975 670 теңгеге салынды. 4 787 590 теңгеге салынған 60 қаулы бойынша айыппұлдар өз еркімен төленді, ал қалған 2 705 113 теңгеге салынған айыппұлдарды өндіру орындау барысында және төлеу мерзімдерінің уақыты бар.

2016 жылы 3 984 864 теңгеге салынған 7 айыппұл мәжбүрлеп өндіріп алуға жолданды және 2017 жылдың I-ші тоқсанында толығымен мемлекеттің кірісіне өндірілді.

Өткен жылы салынған айыппұлдарды есепке алғанда 8 772 454 теңгені құрайтын 67 айыппұл өндіріліп 117% көрсеткішті құрады.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы 68 ұйғарым берілді.

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 10 790 317 теңгені құрайтын 16 наразылық ұсынылды. Оның ішінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша 5 наразылық 3 664 768 теңгеге, су ресурстарын қорғау бойынша 1 наразылық 13 032 теңгеге, жер қойнауын қорғау бойынша 1 наразылық 4 494 054 теңгеге, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша 2 наразылық 495 313 теңгеге, рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) 7 наразылық 2 123 150 теңгеге ұсынылды.

6 632 889 теңгеге 11 наразылық өз еркімен төленді, ал қалған 4 157 428 теңгені құрайтын 5 наразылық орындалуда және төлеу мерзімдері өтпеген.

Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына мәжбүрлеп өндіруге жолданған 2016 жылғы талап арыздары бойынша, 2017 жылдың I-ші жартыжылдығында 17 345 212 теңгені құрайтын наразылық өндірілді. Өткен жылды есепке алғанда ұсынылған 13 наразылық бойынша 23 978 101 теңгені құрайтын наразылық өндіріліп 222% құрады.

Өрескел заң бұзушылық үшін яғни мемлекеттік эколгиялық сараптаманың қорытындысы және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат қағазының болмауына байланысты, белгіленген тәртіпке сәйкес Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына субъектіліердің қызметін тоқтату үшін 6 талап арыз жолданды және жолданған талап арыздар сот шешімімен толық қанағаттандырылды.

2016 жылдың I-ші тоқсанында 112 тексеру жүргізілді, оның ішінде ішінара тексеру – 29, жоспардан тыс – 51 және басқа нысан тексерулері – 32.

Жоспардан тыс 15 тексеру мемлекеттік органдардың бастамашылығымен жүргізілді: оның ішінде Алматы табиғи ресурстар және табиғатпайдалануды реттеу басқармасынан – 9 хат (1 – ұйғарымды орындамау), прокуратура органдарынан – 28 хат, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен – 14 хат.

Инспекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде 117 экологиялық бұзушылық анықталды:

— атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 24;

— су ресурстарын қорғау бойынша – 3;

— жер қойнауын қорғау бойынша – 6;

— тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша – 3;

— жер ресурстарын қорғау бойынша – 2;

— есептілікті тапсыру оның ішінде паспорт және ӨЭБ – 23;

— рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) – 56.

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторлармен 116 қаулы шығарылды: оның ішінде 1 ескерту және 54 998 003 теңгені құрайтын 78 заңды тұлғаға 53 519 666 теңге, 13 лауазымды тұлғаға 131 502 теңге, 19 жеке кәсіпкерге 1 208 970 теңге, 5 жеке тұлғаға 137 865 теңгені құрайтын жалпы саны 115 айыппұл салынды. Салынған айыппұлдар келесідей экологиялық заң бұзушылықтар бойынша салынды. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша 23 айыппұл 9 169 454 теңгеге, су ресурстарын қорғау бойынша 3 айыппұл 328 755 теңгеге, жер қойнауын қорғау бойынша 5 айыппұл 37 587 692 теңгеге, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша 3 айыппұл 195 351 теңгеге, жер ресурстарын қорғау бойынша 2 айыппұл 848 400 теңгеге, рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) 56 айыппұл 9 298 715 теңгеге салынды.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы 109 ұйғарым берілді.

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 82 566 122 теңгені құрайтын 51 наразылық ұсынылды. Оның ішінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша 9 наразылық 205 491 теңгеге, жер қойнауын қорғау бойынша 6 наразылық 69 921 321 теңгеге, тұтыну және қолдану қалдықтарын орналастыру бойынша 3 наразылық 180 081 теңгеге, рұқсат құжаттары бойынша (жобалар, қорытындылар, рұқсат қағаздары) 33 наразылық 12 259 229 теңгеге ұсынылды. 6 218 528 теңгеге 46 наразылық өз еркімен төленді, ал қалған наразылықты өтеу үшін Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына талап арыздар жолданды.

Өрескел заң бұзушылық үшін яғни мемлекеттік эколгиялық сараптаманың қорытындысы және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат қағазының болмауына байланысты, белгіленген тәртіпке сәйкес Алматы қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына субъектіліердің қызметін тоқтату үшін 16 талап арыз жолданды және жолданған талап арыздар сот шешімімен толық қанағаттандырылды.

Д. Курманбеков

Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор