Польша Президенті Қазақстанға келді

Польша Республикасының президентi Анджей Дуда Қазақстанға іссапармен келдi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Польша басшысын қарсы алды.

Польшаның бүкiл Орталық Азия елдерiмен сауда-саттық көлемiнiң 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Бүгiнгi кездесуде екі мемлекет арасында 24 халықаралық келiсiмшарт бекiтiлген. Тараптар тағы 15 құжат жобасын қарастырмақ. Олардың iшiнде алдағы бизнес-форум аясында қол қойылатын аймақаралық ынтымақтастық саласы да бар.

Айта кетейік, бүгiн Польша басшысы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Польша бизнес форумына қатыспақ. Сондай-ақ, Анджей Дуданың сапары «ЭКСПО» көрмесiндегi Польша апталығына орайластырылып отыр.

3 пікір

  1. Дамыған елдермен тығыз қарым-қатынаста болғанымыз өзімізге жақсы. Экономикамыз үшін жақсы

  2. Ресми кездесулерден соң келісім шарттарға қол қойылатыны бар. Оның өзі экономикамызға өз септігін тигізеді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version