«Мұражайдағы практиканттар» фильмі түсіріліп жатыр

Режиссер Қанағат Мұстафин Астана қаласында жаңа жоба бастады. Ол «Мұражайдағы практиканттар» атты 12 бөлімнен тұратын телесериал түсіріп жатыр.

Фильмнің өндісірімен Aray Media Group компаниясы айналысып жатыр. Жобаның бас продюсері — Алмас Әлімжанов.

«Мұражайдағы практиканттар» — жастарға арналған фантастикалық хикая.

Хикаядағы басты рөлдерді танымал кино әртістері Ғани Құлжанов, Айгүл Иманбаева, Ернар Жұматаев, Әсел Акбар, сондай-ақ жас актерлар Нұрсұлтан Сыдық, Әсел Нұртазина, Данияр Оразаев, Таңсұлу Баталова және Жұлдыз Ерболат сомдайды.

«Мұражайдағы практиканттар» Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» ұлттық мемлекеттік бағдарламасының қамқорлығымен түсіріліп жатыр.

Түсірілім 2017 жылдың қазан айына дейін жалғасады. Сериал әрқайсысы 25 минут болатын 12 бөлімнен тұрады.

6 пікір

  1. Фильмде қазақтың тарихы, бастан кешкен ауыртпалықтарды айтатын фильм деп ойлаймын

  2. Қызық болайын деп тұр егер хикая болса. Қазіргі шақ пен өткеннің арасында орын алған айтулы оқиғаларды сомдайтын болар

  3. біздің елде мұндай жанрдағы фильмдер жоқтың қасы ғой, әрі патриоттық сарыны да жоқ емес, бәрекелді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version