Өзбекстанда компьютерлік ойындарға тыйым салмақ

Sputnik интернет-басылымының хабарлауынша, бұл тізімге қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, діни экстремизмді, насихаттайтын құмар ойындар мен порнографиялық көрсетілімдер кірген.

«Компьютерлік ойындар бүгінде балалардың нерв жүйесі мен өмірлерін жұтып жатыр. Құмар ойындардың балалар психикасына қаншалықты әсер ететіндігі жөнінде қоғамда үнемі даулар болып тұрады. Сондықтан сарапшылар балаларға ойнауға болмайтын ойындарды бөліп, сараптады. Біз бұл жұмысты үнемі жүргізіп, тізімді жаңартып отырамыз», – деді «Камолот» өкілі.

Ол сонымен бірге арнайы комиссия мұғалімдерден, психологтардан және басқа да мамандардан құралғанын атап өтті. Олар ойынды талдаған кезде, ең бірінші өзбек халқының менталитетіне сәйкес келетін-келмейтіндігіне мән береміз деді.

ДереккөзСentralasian