Bolashak Tаlks: мамандықты сүйіп немесе есеппен таңдау

Қанат Қожахмет – Сүлеймен Демирелі атындағы университет тарихындағы ең жас ректор, жастардың үлкен болашағы мен әлеуетіне шынайы сеніммен қарайды. Қанаттың айтуы бойынша, кәсіп таңдауда ең бастысы – бұл өз жолыңды табу, өзіңді үздіксіз жетілдіріп отыру және тұрақты түрде жаңа білімді игеру.

Bolashak Tаlks

Асқар Бисембин – режиссер, продюсер, сценарийші, Skinny Man Production студиясының негізін қалаушысы және басшысы. Асқар өз сөзін бойындағы басты қозғаушы күш бұл жұмысқа деген махаббат екенін мойындаудан бастады. Оның жас буынға берер тәжірибелік кеңесі: «Ешкім ешнәрсе білмейді, сондықтан да батыл шешім қабылдап, жаңа істі байқап көруден ешқашан қорықпаңыздар!» − деді.

Ералы Сауранбаев – Sheberbuild компаниясының Бақылау Кеңесінің Төрағасы. Ол өз сөзінде жұмыста есеп пен жақсы көруден бөлек, үшінші бөлшек тұрақтылықтың болуы қажет екенін ерекше атап өтті. Ол жас буынға әрқашан жоғарғы құндылықтарды басшылыққа алуды және «Кәсібіңіз Сіздің емес, Сіз кәсібіңіздің қожайыны болуыңыз керек. Барлығы өз қолыңызда!», – екенін ұмытпауға кеңес берді.

Соңғы сөз сөйлеу «Астана халықаралық қаржы орталығы» Басқармасының мүшесі, басқарушы директоры Саясат Нұрбекке бұйырды. Ол бүкіл әлемдегі жастардың жұмыспен қамтылу саласындағы өз зерттеулерімен, ҚР-дағы жұмыспен қамту мәселелерімен, сондай-ақ оларды шешу жолдарымен бөлісті. Оның айтуынша, жұмыстағы ең бастысы – бұл тәжірибе: «Қаржыны қажетіңізге жаратып қоясыз. Жұмысыңыздан шығарып жіберуі мүмкін, ал тәжірибе сіздің ажырамас басымдығыңыз болып қала бермек!».

Bolashak Tаlks шарасының қатысушылары «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, Алматы қаласының белсенді жастары және жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Өту күні мен уақыты: 2-қыркүйек (сенбі), 2017 ж. ,сағат 14.30 дан 18:00 дейін.

Өту орны: Алматы қ., Розыбакиев к. 227, Almaty Management University (AlmaU), 1-қабат, Atrium Grand Hall залы.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы.

Серіктестер: Almaty Management University және Sheberbuild құрылыс компаниясы.