Басты бетБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев тендер жүйесін өзгертуді тапсырды

Премьер-Министрдің мұндай шешімге келуіне мемлекеттік тапсырыс аясында мектептерді уақытында пайдалануға бермеу себеп болып отыр.

«Ақша игерілмейді, тендерлерді кеш өткізеді. Сонда қалай? Үлкен ағатайларымыз тендер ойнап жүретіндіктен балалар зардап шегіп отырады. Осыны түбегейлі шешу керек. Балалар жаңа мектепке барғысы келеді. Оған қоса, Президенттің нақты тапсырмасы бар. Ұлттық қордан ақша бөлініп жатыр. Соның барлығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақтарға таратылады. Біз болсақ, жаңа оқу жылы басталса да, тендер ойнап жүрміз», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан кейін ол орынбасарларына қазіргі жүйені толығымен өзгертуді тапсырды.

Дереккөз7kun.kz