Басты бет Жаңалықтар 10 қыркүйекте Астанада «Жанұялық дуатлон» спорттық жарысы өтеді

10 қыркүйекте Астанада «Жанұялық дуатлон» спорттық жарысы өтеді

Астананың Триатлон саябағында  жанұя күні аталып өтіледі. Шара «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылмақ.

Көрнекі сурет

«Жанұялық дуатлонға»  әкелер, аналар және балалар қатысып, спорттың екі түрі: жүгіру мен веложарыстан сынға түседі. Жанұялық команда жалпы 4 км 500 м қашықтықты бағындыруы тиіс. Әкелер 2 км, аналар 2 км, ал балалар 500 м жүгіріп өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық спортсүйер жанұяларды, барлық отбасына арналған спорттық-бұқарлық іс-шараға шақырады. Жарысқа қашықтықты жүріп өтуге денсаулығы шыдайтын, дәрігердің рұқсаты бар спорттық жанұялар қатыса алады. Тіркелу кезінде дуатлонға қатысушы жанұяның әр мүшесіне өз денсаулығына және баласының өмірі мен денсаулығына жауап беретіндігі жөнінде қолхат толтырылады.

Жарысқа 9 — 11 және 12 — 14 жас шамасындағы балалар қатыстырылады. Өз велосипедтерінің болуы шарт.

Командаларды тіркеу 9:00-де басталып, 9:40-та аяқталады. Ал жарыс 10:00-де басталады.

Айта кетейік, іс-шара «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен өткізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version