Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру. Жобаның серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі.
Өтінімдер 2017 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2017 жылы желтоқсан айында жарияланады. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:
1) «Жылдың үздік прозасы»;
2) «Жылдың үздік поэзиясы»;
3) «Жылдың үздік драматургиясы»;
4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
5) «Туған ел» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды.
Шығармалар 2017 жылғы 1 шілдеден мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады. Байқау қорытындысы 2017 жылы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
2) байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
3) шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек.
Айта кетейік, өтінімдер поштамен Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мекен-жайына және [email protected] электрондық поштасына жіберілуі тиіс.