Басты бет Жаңалықтар Жұмыспен қамту: Ақмола облысында 207 мың адам жұмысқа орналасты

Жұмыспен қамту: Ақмола облысында 207 мың адам жұмысқа орналасты

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып келе жатқан жарты жылдың ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 114 мың адам тұрақты жұмыс орнына орналасса, 15 мың жас маман жастар тәжірибесінен өткен, ал 60 мыңға жуығы қоғамдық жұмыстарға, 18 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. 

Осылайша аталмыш бағдарламаның аясында 6 айдың өзінде 207 мың адам жұмысқа орналасқан.

Жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жүрген жас мамандарға жыл бойы түрлі кездесулер ұйымдастырып отырады. Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу барысында үміткерлерге департамент мамандары аталмыш қызметке орналасу тәртібі мен кезеңдері жайында толық ақпарат берді.

Бұдан бөлек, кездесуге келген жұмыссыз жастарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу кезеңдері жайында бейнероликтер көрсетіліп, үміткерлерді қызықтырған сұрақтарға департамент басшысы Берген Беспалинов жауап берді. Айта кету керек, бүгінде 29 жасқа дейінгі жас мамандардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Биылғы жылдың өзінде өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметке орналасқан жастардың пайыздық көрсеткіші 22-ден 25 пайызға дейін артқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version