Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында отандық брендтерге пресс-тур ұйымдастырылды

Отандық брендті насихаттауға арналған бүгінгі пресс-тур дәл осы нысаннан басталды. 2005 жылы құрылған аталмыш кәсіпорын алғашында тек 3 камаз құрастырған болса, бүгінгі күні өнім көлемі бірнеше есеге артқан. Нақтырақ айтсақ, 250 адам жұмыс істейтін зауытта жылына шамамен 1 мыңға жуық көлік құрастырылады. КамАЗ және өзге де арнайы техникалардың 50-ге жуық түрін шығаратын кәсіпорын қазір облысқа ғана емес, тұтас Қазақстанға танымал.

«Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы да брендтік сауда белгісін қалыптастырып үлгерген облыстағы бірегей кәсіпорындардың бірі. Зауыттың өндіріс көлемі  жылына — 100 миллион  литр минералды сулар мен алкогольсіз өнімді құрайды. Кәсіпорын негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ белгілі бір мөлшерде Ресейге де жеткізіледі. Қазір енді «Көкшетау минералды суларын» Қытай асыруға да қам жасалуда.

“Бұйым бәсекеге қабілетті болуы үшін екі нәрсе қажет. Баға сәйкес келіп, сапа жоғары болуы тиіс. Сапа тек қана жаңа технологиялармен жасалады. Әлемдік тәжірибені зерделеу қажет». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық өнімді әлемдік брендке айналдыру жұмысына қатысты айтқан сөзі. Отандық өнімнің сапасын ойсыратып алмауды ойлайтын облыстағы тағы бір брендтік кәсіпорынның бірі — «Енки» кірпіш зауыты. Қаптамалы кірпіштің 40-қа тарта түрін шығаруға қауқарлы кәсіпорын бүгіндері өндіріс көлемін арттырған. Жылына 46 миллионнан аса кірпіш өндіреді. Сондай-ақ Қазақстан бойынша 8 облыста өкілдіктері жұмыс істеп тұр.

Бренд — бұл сауда белгісі ғана емес, тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау. Осы орайда аталған өндіріс орындары халықтың өздеріне артып отырған сеніміне селкеу түсірмеуге тырысуда.