Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда «Денсаулық» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті

Көкшетауда «Денсаулық» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019-шы жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетау қалалық емханасында «Қайғылы оқиғалардан орын алатын балалар өлімі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. 

Фото: Vr-vyksa.ru

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың назарын ересектердің немқұрайлылығынан орын алатын балалардың өлімін барынша азайтуға ықпал ету болып табылады.

Дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында балаларды жазатайым оқиғалардан сақтап қалудың түрлі амалдары талқыланды. Шараға қатысушылар  әрбір ата-ананы алаңдататын  тақырыптарға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Білікті маман Татьяна Бишораевның айтуынша, өкінішке орай Қазақстан балалардың өлім-жітімі бойынша алғашқы орында тұр.

Тек осы жылдың өзінде ересектердің салғырттығынан облыстық балалар ауруханасының  жан сақтау бөліміне 90-ға жуық балғын келіп түсті.Білікті мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында, 88 жеткіншек өлім аузынан аман қалды. Сондықтан да, кез-келген уақытта баланың қауіпсіздігі басты назарда болуы шарт.

Жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен жазатайым оқиғалардың алдын-алуға арналған  әлеуметтік бейнероликтер  дайындалған. Онда балалардың қауіпсіздігі жайлы тұрмыстық жағдайларда химиялық заттар, ине, түйреуіш, сіріңке сынды заттарды баланың қолы жетпейтін жерге қою қажеттігі жан-жақты көрсетілген. Балаларды бір сәт те ересектердің назарынан тыс қалдырмауды ұдайы ескеру қажет. Сонда ғана оқыс оқиғалардың алдын алуға болады. Мамандар осыны ескертеді.

Айта кетейік, 2016-2019-шы жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі медициналық көмектің толыққанды интеграциясы мен сабақтастығы, көрсетілетін әр түрлі қызметтер мен ресурстардың қайталануын болдырмау  үшін стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары мен тәртібін жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. ЖММК ұсынуды стандарттауды енгізумен жоғары мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері жасалып шығарылады, бұл қызмет көрсету үшін ұйымды аккредиттеуден міндетті түрде өткізуді қарастырады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version